Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада өткен жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге және Үкіметке жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Осы тұрғыда тәжірибенің жоқтығы, тәжірибелік дағдылардың жетіспеуі және еңбекке бейімдеу қажеттілігіне байланысты жастар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы бюджет қаражатын қарастыру, заңнамаға өзгерістер енгізу сияқты барлық жүйелі мәселелермен қатар, "Жастар ел тірегі" әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде инфрақұрылым құру осы жыл ішінде шешілуі тиіс екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы өңір басшыларына халық мұқтажына жылдам жауап беруді тапсырған еді.