Тоқаев салықтар мен төлемдердің санын азайтуды тапсырды

1 Қыркүйек 2020, 12:49
1300
Бөлісу:
Тоқаев салықтар мен төлемдердің санын азайтуды тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірге депутаттық корпусты тарта отырып салық кодексіне және заң актісіне ревизия жүргізуді тапсырамын. 

Оның мақсаты – салықтық міндеттемені түбегейлі өзгертіп, салықтар мен төлемдердің қатарын азайту. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде айтты.

Президент жиын барысында микроқаржылық ұйымдардың жауапкершілігін арттыру бағытында қосымша реттеу енгізуді тапсырды.

Бұған дейін қарыз беріп келген микроқаржылық ұйымдар мен ломбардтар мемлекеттік басқаруға алынды. Дегенмен қатер әлі де сақталуда. Бұл әсіресе пандемия кезінде халықтың табысы тоқтағанда білінді. Қаржыны реттеу жөніндегі агенттік пен Ұлттық банк кредиттік ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты қосымша реттеулер енгізу қажет. Сонымен қоса, кейбір кредиттердің мөлшерлемесін төмендету бойынша да шара қолдануы керек. Біз қаржы және кредиттік саясатқа деген сенімді арттыруымыз керек. Сондықтан Ұлттық банк құрылымы ішінен кредиттік саясат комитетін құру қажет. Оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіру керек, - деді Президент. 
Сонымен қатар, ол ұлттық табыстың әділ бөлінуін сөз еткенде, салық саясатын құру керектігін айтты. 
Салық саясаты бүкіл азаматтарға түсінікті болу керек. Қазір 40-тан аса салық пен түрлі жинақтар алынады. Әкімшілік атқару жағы қиындатылған. Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірге депутаттық корпусты тарта отырып салық кодексіне және заң актісіне ревизия жүргізуді тапсырамын. Оның мақсаты – салықтық міндеттемені түбегейлі өзгертіп, салықтар мен төлемдердің қатарын азайту, - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, ол сауда орындарындағы бағаның шамадан тыс көтерілмеуін және қаражаттың сыртқа шығуын бақылау қажеттігін айтты.

Салықтық және кедендік қызметті цифрландыру көлеңкелі экономикамен күреске жақсы көмектеседі. Жемқорлық әсіресе көлеңкелі экономикада белең алады. Сондықтан Экономика министрлігіне көлеңкелі экономикамен күреске күш салуды тапсырамын. Бізге бюджеттік қаржыны үнемдеп, оған аяушылықпен қарайтын саясат құру керек, - деді Президент.


Өзгелердің жаңалығы