Тоқаев Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

16 Мамыр 2019, 21:25
1639
Бөлісу:
Тоқаев Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Г.Грефке ХІІ Астана экономикалық форумының жұмысына қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, шара жұмысына мазмұн берген оның сөйлеген сөзіне жоғары баға берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімнің ырғағы көбінесе технологиялық көшбасшылық пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізіп, экономикалық қызмет құрылымын өзгерткен компаниялар табыстырақ болады

«Сіз тек Ресейде ғана емес, тіпті одан да кеңірек ауқымда цифрландыру және жасанды интеллект салалары бойынша мықты мамансыз десем, артық айтқандық емес. Сіздің «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алдағы жұмыстарына қатысты пікіріңізді білгіміз келеді», – деді Қазақстан Президенті. 

Тараптар банк саласын дамытудың өзекті мәселелерін, санкциялық саясаттың екі ел экономикасына ықпалын, сондай-ақ, экономикалық өсімді ынталандырудың заманауи құралдарын қолдану перспективаларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы