Тоқаев Молдова президентімен кездесті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.</h4>

25 Қыркүйек 2019 2019, 22:08
АВТОР
 25 Қыркүйек 2019 2019, 22:08
25 Қыркүйек 2019 2019, 22:08
1502

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.
Наверх