Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

22 Шілде 2020, 15:43
1282
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы