Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельмді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Томас Хельм мемлекет басшысына қордың Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйымның елімізбен арадағы ынтымақтастығының перспективасы жайында айтты.Өкілдік басшысы Қазақстандағы цифрландыру, энергетика, дуальді білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын дамытуға, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіруге қатысты өз ойымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Томас Хельмге өзінің жуырда Германияға жасаған сапарының нәтижелері туралы айтып, Қазақстанның аталған елмен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.