Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасында жазылды.
Дағдарысқа қарсы күрес үшін ақша бар, қажетті заңнамалық шешімдер қабылданды. Сондықтан, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс жұмыстары мен инвестициялар көлемінің төмендеуі ақталмаған деп санаймын. Үкімет жағдайды түзетуі керек, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.Мемлекет басшысы, ең алдымен, дағдарысқа қарсы қабылданған шешімдердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету керегін айтты.
Бірінші кезекте қабылданған дағдарысқа қарсы шешімдердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету керек. Жаңа карантиндік шараларды енгізу экономикадағы жағдайды одан әрі күрделендіре түсетінін ескеру қажет. Үкіметтің тиісті іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Біз бюджеттік циклде тұрмыз, қаржылық басымдықтарды анықтауға мүмкіндік бар. Ең бастысы – экономика және жұмыспен қамту, - деді ол.