Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
Бүгін Қазақстан президенті канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі, - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ, бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.