Тоқаев Ермек Көшербаевты қабылдады

<h4 align="center" style="text-align: left;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.</h4>

 30 Қаңтар 2020 2020, 11:08
30 Қаңтар 2020 2020, 11:08
1514

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Қазақстан президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Наверх