Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жанармай нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатуды тапсырды.
Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу өте маңызды. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.Көктемгі егіс науқаны үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек.
Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сенемін, - деді мемлекет басшысы.