Жыл сайын ТМК секторындағы ірі кәсіпорындар 5,3 трлн теңгеге сатып алуды жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин мәлімдеді.
ТМК саласы - экономикадағы жүйе құрушы салалардың бірі. Оның 2021 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ды құрағанын, жыл сайын ТМК секторының ірі кәсіпорындары 5,3 трлн теңге ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатып алуды жүзеге асыратынын айтып өткен жөн (11 млрд доллар). Соның едәуір бөлігі - импорттық тауарлар. ТМК-сектор өзінің негізгі қызметі төңірегінде ШОБ (отандық өндірушілер) белдеуін (ТМК) құру мен нығайтудың жоғары әлеуетіне ие, - дейді Мұрат Амрин.
Ұлттық палата мамандарының пікірінше, ТМК және ШОБ секторының әлеуетін ашу үшін өндірістік қуат жеткілікті.
ТМК сектор кәсіпорындары түсімінің 1 теңгесіне экономиканың басқа салаларында қосымша 1,6 теңге түсім өндіріледі. ТМК секторының бір жұмыс орнына экономиканың басқа салаларында 2.6 жұмыс орнына қолдау көрсетіледі. ТМК секторы салықтарының 1 теңгесіне экономиканың басқа секторларында қосымша салықтардың 1.8 теңгесі өндіріледі, – деп түсіндірді Мұрат Амрин.