Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі шеңберінде онлайн форматта жастар ұйымдарының VI форумы өтті.
Күн тәртібінде «ТМД жастар астанасы» мемлекетаралық бағдарламасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ТДМ бойынша өзара іс-қимылы, сондай-ақ пандемия кезеңінде жастар тақырыбы бойынша қызметті ұйымдастыру тәжірибесі туралы мәселелер талқыланды.
Қазақстандық делегацияның атынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Ұлы Дала Елі» ҚБ басшысы Валихан Бахретдинов, Татьяна Миронюк – «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры қатысты.
Қазақстан тарапы 2021 жылға арналған жаңа бірлескен жобаларды жариялады. Жастар саясаты саласындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өзара іс-қимылының тиімді нысандарын дамытуға қолдау көрсетілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының VI Форумына қатысушылар келісті:
мемлекеттік органдар, қала билігі, жастар ұйымдары, шығармашылық және ғылыми жастар өкілдерінің қатысуымен «ТМД жастар астанасы» мемлекетаралық бағдарламасы туралы ереженің жобасын одан әрі бекіту мақсатында талқылауды жалғастыру;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі жастар ұйымдарын ТДМ бойынша Халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге шақыру.
Форумды ұйымдастырушылар: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі, Әзірбайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісімін іске асыру үшін құрылды.
Оның негізгі міндеттері мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылы, екіжақты және көпжақты бірлескен жастар жобаларын іске асыру болып табылады.
Кеңес құрамына 9 ел кіреді: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Молдова Республикасы.