ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде ХЭО өңірлік форум басталды

26 Наурыз 2024, 18:15
380
Бөлісу:
ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде ХЭО өңірлік форум басталды
Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Астанада ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде ХЭО өңірлік форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ХЭО электр байланысын дамыту бюросының директоры Космас Лакисон Завазава, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Байланыс саласындағы аймақтық серктестік (БАС) бас директоры Алексей Бородин, ХЭО мүше мемлекеттердің өкілдері және т.б. қатысты.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин Форум табысты кейстерді қалыптастыру, «цифрлы дипломатияны» алға бастыру, тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды талқылау және цифрлы экономиканы дамытудың бірлескен стратегияларын әзірлеу үшін жемісті және идеялық алаңдардың біріне айналатынын атап өтті.

Біз елді өңірдегі цифрлы хаб ретінде қалыптастыру аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол үшін бізде көптеген аймақтық жобалар бар. Біз осындай жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде елдеріміздің халқы үшін қолайлы және сапалы өмір сүру жағдайларын жасайтын тиімді және қолданбалы ұсыныстарды қолдауға әрқашан ашықпыз және дайынбыз. Біз бірге сын-қатерлерді еңсеріп, елдеріміздің цифрлық технологиялар әлеуетін іске асыра аламыз, - деп атап өтті Бағдат Мусин.

ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде ХЭО өңірлік форум басталды

ХЭО электр байланысын дамыту бюросының директоры Космас Лакисон Завазава өз кезегінде, осы іс-шараның маңыздылығын және Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Осы мүмкіндікті пайдаланып цифрландырудың барлық аспектілерінде әлемдік бастамашылардың бірі бола білген Қазақстанды құттықтағым келеді. Әріптестік үшін, тәжірибе алмасудағы ашықтық үшін және осы мәселеде аймақтағы көшбасшылық рөліңіз үшін алғыс айтамын. Біздің мақсатымыз анық: біз ықпал етуіміз керек және біз ешкімді де офлайн режимде қалдырмауға міндеттіміз, себебі ХЭО мәліметтеріне сүйенсек, ТМД аймағында тұратын халықтың 11%-де интернет қол жетімсіз, - деді Космас Лакисон Завазава.

ӨДФ Одаққа мүше мемлекеттер, салалық кәсіпорындар, академиялық ұйымдар, азаматтық қоғам, БҰҰ жүйесі, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мекемелер мен даму ұйымдары арасында нақты өңірлік электр байланыс пен АКТ мәселелері бойынша көпжақты әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

ТМД өңірі үшін даму мәселелері жөніндегі ХЭО өңірлік форумы Одаққа мүше мемлекеттер, Сектор мүшелері, серіктестер мен басқа да мүдделі тараптар арасында пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Негізгі мақсат – Кигал іс-қимыл жоспарында, соның ішінде аймақтық бастамаларда көрсетілген басымдықтарға сәйкес тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін сөзден іске көшіп, оларды нақты міндеттемелерге айналдыру.

Сондай-ақ Форум аясында сандық технологиялар арқылы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу, смарт қалаларды дамыту, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау тақырыптарында панельдік сессиялар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Форум Астанада 2024 жылғы 26-27 наурызда екі күн өтеді, - деп жазды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы