ТМД елдерінің ойындары: Қазақстандық дзюдошылар алты медаль алды

10 Қыркүйек 2021, 12:25
1945
Бөлісу:
ТМД елдерінің ойындары: Қазақстандық дзюдошылар алты медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда (Ресей) ТМД елдерінің ойындары жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде дзюдошылар бақ сынады. Нәтижесінде отандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

66 келіде белдескен Ермек Амангелді финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ал 60 келіде Шерзод Давлатов, 73 келіде Данияр Шамшаев, 90 келіде Айдар Арапов, ал қыздар арасында 52 келіде Ақмарал Науатбек, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мадина Парагульгова қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, дзюдо бойынша бәсекеге Қазақстан сапынан барлығы жеті татами шебері қатысты. Тек бір спортшы, 81 келіде сынға түскен Аян Байғазы жарысты бесінші орынмен аяқтап, жүлдеден тыс қалды.

Өзгелердің жаңалығы