Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-мамырда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артқаны байқалды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-мамырда 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5% артты (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 3,7%).
Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,1% өсті (2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2,5%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 2,2% өсті (2018 жылғы мамырда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 5,7%).