ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы Мәжіліс сайлауына баға берді

16 Наурыз 2023, 19:48
611
Бөлісу:
ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы Мәжіліс сайлауына баға берді
Фото: Артём Чурсинов

Елордада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров пен ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұмыс барысында Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлерімен және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен үнемі байланыста болдық. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқыладық. Миссия ашылғаннан кейін елдің Бас прокуратурасында да болдық, - деді Леонид Анфимов.

Анфимов сайлау науқанына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

ТМД байқаушылары кезектен тыс сайлауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша бірқатар кеңейтілген семинар мен кеңеске қатысты. Комиссия мүшелерінің жоғары кәсібилігі мен сайлауға дайын екені сонымен бірге сайлау учаскелері қажетті заттармен қамтылғанын көрдік. Ертең ұзақ әрі қысқа уақытқа байқаушыларымыз келе бастайды, олар миссияның штабынан қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқауларды алғаннан кейін өз қызметтерін орындауға кіріседі. Байқаушылар сайлау учаскелерін ашуға қатысады. Сондай-ақ дауыс беру барысын бақылап, дауыстарды санау тәртібін қарайды, - деді ТМД байқаушылары миссиясының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы