Өткен жылы медициналық қызмет сапасына шағымдар көп болған

28 Қаңтар 2020, 16:51
1560
Бөлісу:
Өткен жылы медициналық қызмет сапасына шағымдар көп болған
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы азаматтардың медициналық қызмет сапасына деген шағымдары көбейген. Келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 1 225 АЕК (3,0 млн теңге) сомасына 80 әкімшілік хаттама жасалды.

Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, тіркелген өтініштердің 33,4%-ы хирургиялық көмек көрсету, терапевтік көмек– 16 %, педиатриялық көмек - 7,2 %, стоматология қызметтерге - 3,7% келеді. 

Сонымен қатар, ол  жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай өз нормасынан аспағанын жеткізді. 

Мақсатты индикатор - 170,1 жағдайдан көп емес жағдайда, 2019 жылғы  көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 154,3 оқиғаны құрады. Денге безгегінің 7 әкеліну оқиғасы (Тайландтан), тырысқақтың 2 әкеліну оқиғасы, 1 уланбаған штам (Үндістаннан), 1 безгектің жағдайы (Нигериядан) тіркелген.  Бірақ, 2018 жылмен салыстырғанда қызылша ауруының өсуі байқалады. 2019 жылы 85 жағдайдан 1211 оқиғаға дейін өсті.  Бұл аурумен негізінен 9 айдан - 4 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. Қызылша 90% жағдайда, көбінесе егілмеген адамдар арасында тіркелген, - деді ол.

Өткен жылы департамент мамандары ауыз сумен жабдықтаудың 178 көзін тексеріпті. 43 нысан санитарлық ереже талаптарына жауап бермеген. 

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сомасы 1,4 млн теңге құрайтын 10 айыппұл салынды. 2019 жылы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 10 290 сынамасы зерттелді, оның 25,8%-ы зиянды заттардың ШЖШ-дан асып түсуі анықталды. Ластанудың негізгі көзі автокөлік болып табылады, - дейді Айзат Молдағасымова. 

Қаладағы тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша 257 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 28 млн теңгеге 187 айыппұл салынған. Сондай-ақ дүкен сөрелеріне сатылым талаптарына сәйкес келмейтін 18,1 тонна өнім алынып тасталған.

Өзгелердің жаңалығы