Астана, BAQ.KZ. 21 қаңтарда қаланы қардан тазалауға 309 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 15 594 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 3 008, өзге мекемелер 12 150, «Астана көгалдандыру құрылысы» 436 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС компаниясының хабарламасында.
Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 441 бірлігі жұмылдырылды. 16 қазан мен 21 қаңтар аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 340 743 текше метрді құрайды.
Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 61, ал 13 қазан мен 21 қаңтар аралығында 14 367,5 текше метрі және 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 237,56 тоннасы себілді. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.