Астана, BAQ.KZ. 6 ақпанда қаланы қардан тазалауға 85 жұмыскер шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 343 бірлігі жұмылдырылды.
«Елорданың сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 5 668 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 1 018, өзге мекемелер 4 291, «Астана көгалдандыру құрылысы» 359 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС хабарламасында.
16 қазан мен 6 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 604 762 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 578, ал 13 қазан мен 6 ақпан аралығында 18 319,5 текше метрі шашылды. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 405,3 тоннасы себілді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.