Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкинді (39-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс пен өзімнің джебымды көрсеттім. Сулецки - бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» - деді Андраде.
Деметриус Андраде төрешілердің бірауызды шешімімен (120-107, 120-107, 120-107) поляк Мацей Сулецкиден (28-2, 11 КО) басым түсіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.
Еске сала кетсек, дәл осы чемпиондық белбеу - Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін мексикалықтың қойып отырған шарты. Чемпиондық атақ сарапқа салынбайтын болса, Альварес GGG-ге қарсы шыққысы келмейді.