Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемеровтегі тіс емханасында пациенттің тісінің орнына мұрнына пломб салып жіберген. Бұл туралы соттың материалына сілтеме жасап Vse42.ru басылымы жазады.
Басылымның хабарлауынша, әйел клиникаға үстіңгі азу тісін емдеуге келген. Оған 5,5 мың рубльге (33 мың теңгедей) пломб салып берген. Кейін әйелдің мұрны бітеліп қала беретін болған. Уақыт өте келе жиі басы ауырған.
«Суық тигеннен кейін осылай ауырып қалып жүрген шығармын» деп ойлаған әйел басқа клиникаға барып, тексеріледі. Сөйтсе, тістің орнына мұрнының гаймор қуысына пломб салынғаны белгілі болады. Дәрігерлер ота жасап, артық затты алып тастады.
Сот пациентке клиника 25 мың рубль (150 мың теңге) айыппұл, сонымен қатар 50 мың рубль (300 мың теңге) өтемақы төлеу керек деген шешім шығарды.