Тірідей талаған: Қарасай ауданында он шақты ит әйелге тап берді

Алматы облысында он шақты ит әйелге шабуыл жасап, талап тастай жаздады.

 pixabay 19 Ақпан 2026, 12:19
19 Ақпан 2026, 12:19
739
Фото: pixabay

Алматы облысының Қарасай ауданында он шақты ит 52 жастағы әйелге шабуыл жасап, оны талап тастай жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Болған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбада он шақты ит әйелге тап беріп, оны қалай талап жатқаны көрінеді.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында иттердің 60 жастағы иесі анықталды. Сонымен қатар, ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеріс жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 14 жастағы мектеп оқушысы көшеде итін қорғап, бейтаныс әйелдің шабуылына ұшыраған болатын. 

Сондай-ақ, Алматыда итті көлікке шынжырмен байлап, өлімші етіп сүйреткендердің видеосы тараған.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Информационное агентство BAQ.KZ (@baq.rus)

Наверх