Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
Ақпан айында 2030 доза вакцина салынады деп жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 719 адам вакцинасын алып үлгерді. Қалғаны осы айдың ішінде алады. Тағы айтарым, вакцинаның екінші компоненті де осы айдың соңында салынады, - деді ол.
Спикер коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамның бойынша қандай белгілер болуы мүмкін екенін айтып берді.
Вакцинадан кейін болатын кері реакция туралы айтар болсам, вакцина салдырған адамдардың арасында айтарлықтай кері реакция болған жоқ. Вакцина салған орынның ауыруы, кешке қарай әлсіздік барын сезінуі болуы мүмкін, бірақ, оны кері реакция деуге болмайды. Вакцина алған адам үшін бұл қалыпты жағдай. Мен вакцина алдым, кешке қарай бойымда аздап әлсіздік барын сезіндім. Екінші күні өздігінен кетіп қалды, - деді ол.
Тимур Мұратов вакцина салдырудан бас тартқан азаматтар бар екенін де айтты.
Өздеріңізге белгілі, біз, ең алдымен, екпені медицина қызметкерлеріне салып жатырмыз. Бұл айда мыңнан аса адамға екпе жасау керек едік, оның 719-ына салып та үлгердік. 5 адам вакцина салдырудан өз еркімен бас тартты. Ал қалған вакцина салдырмағандар медициналық көрсетілімі бар адамдар, - деді спикер.