Көрнекті тілші-ғалым Әбдуәли Қайдар қайтыс болды

27 Ақпан 2019, 09:21
4469
Бөлісу:
Көрнекті тілші-ғалым Әбдуәли Қайдар қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ. Тіл білімінің көшін бастаған ғұлама ғалым, академик, абыз ақсақал Әбдуәли Қайдар 95 жасқа қараған шағында, бүгін бақилық болды.

 Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген.

Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі, Филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы

, Түркітану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.

1941– 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагер майдангер.

19421951 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның филология факультетін бітірген.

19431951 – 1954 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныда асперантурасын бітірген.

19441954 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында тіл бөлімі иниститутында

1945Ұйғыр-дүнген мәдениетінің секторында кіші ғылыми-қызыметкері;

1946Шығыстану иниститутында аға ғылыми-қызыметкері;

19471961 – 1963 жылдары Ұйғыр филология бөлімінің меңгерушісі;

19481967 – 1978 жылдары Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;

19491978 – 1995 жылдары Институт директоры т.б лауазымды қызыметтерін абыроймен атқарды;

19501995 жылдан осы иниститутың құрметті директоры.

 

Өзгелердің жаңалығы