Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?

8 Сәуір 2020, 14:30
1913
Бөлісу:
Тілдің әдеби нормасы өзгере ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отырған "Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі" онлайн курсының кезекті дәрісі тілдің әдеби нормасын сақтау тақырыбына арналды.

Дәріс жүргізушісі "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.Рсалиева  маңызды ақпараттармен бөлісті. 
Өз ұлтының болашағын ойлаған ел бар күшін тілін сақтауға жұмсайды. Себебі қатар өмір сүріп  ердің тағдыры немен аяқталып жатқаны қазір тіл білімі саласында жүрген мамандар үшін жаңалық емес. Қазір жаһанда жүріп жатқан екі үдерістің бірі жаһандану болса, сол жаһандану өзіне кері процесті де алып келді, оның аты – протекционизм. Өзін қорғау деген мағынаны білдіреді. Экономика саласының термині ретінде белсенді қолданысқа шықты. Тиісінше тіл білімі саласында да лингвистикалық протекционизм (linguistic protectionism) ұғымы жолға қойылды. Біздің елімізде де "Рухани жаңғыру" идеясы бекер көтерілген жоқ. Бұл бізге тек ұрандау үшін қажет болып отырған жоқ. Егер мән бере қарасақ, бұл осы айтылып отырған лингвистикалық протекционизмнің біздегі баламасы. Бұл идеяны шынайы мағынасында пайдаға асыру үшін атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі – жазу реформасы. Біз оны реформа деп айтудан қорықпауымыз керек. Себебі бұл да кәдімгі жаһандық деңгейде қолға алынып жатқан, өз-өзіңді сыртқы күштердің толқынынан қорғау амалдарынан туған шара, - делінген ақпаратта.

Жазба тілінің де, сөйлеу тілінің де өзіндік нормалары – орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың қалыптасатыны белгілі. Тілдің грамматикасы мен лексикалық қоры әдеби нормаға бағынады.
Сонымен, "Рухани жаңғыру" идеясы аясында қазақ тілінің әдеби нормасына төмендегіше өзгерістер енеді деп ойлаймын. Біріншіден, жазу реформасы аясында, қазақ әліпбиінің құрамынан алынып тасталған орыс әліпбиінен енген таңбалардың орны қандай өзгерістермен жабылады? Осыған қатысты орфографияда аз-кем өзгерістер болатыны анық. Орыс және ағылшын тілдерінің әсерінен және бірқатар түзетулер орын алуға тиіс. Екіншіден, қоғамдағы қолданыста жүрген көзге көрініп тұрған нормадан ауытқуларға жол бермеу, қазір тосқауыл қоймасақ, сіңісіп кетеді.Сөздерге морфологиялық талдау жасау арқылы оп-оңай сөздердің екінші сыңарларының дұрыс екенін, бірінші, қазіргі қоланыста жүрген нұсқаларының қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына кері келетінін, бұл тұрпаттарына өзге тілдердің әсерінен ие болып тұрғанын көреміз, - дейді ғалым.
Жалпы есепте көрсетілген топтамалардың барлығын да тілдің табиғи әдеби нормасына қайту үдерісі деп бағалау керек.
Өзгелердің жаңалығы