Кандидат Салтанат Тұсынбекова тіл мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақ тілі - Конститутциямызда мемлекеттік тіл деп анық көрсетілген. Егер әрқайсысымыз ана тілімізде сөйлеп, іс жүргізетін болсақ, өздігінен қалыптасатын дүние. Әр кезеңнің өзіндік саясаты болған. Бүгінгі таңда басты мәселені тіл қылып қойып, таразыға салып қарасақ, ол қаншалықты бүкіл мәселені шешіп тастайды? Ешкімді қазақ тілінде сөйлемеңдер, айтпаңдар деп ұстап отырған жоқ. Бәрі өзімізге байланысты, - деді ол.
Айтуынша, қазақ тілі - әр отбасы мен мемлекеттік қызметте ең басты орында тұруы тиіс.
Мен отбасында қазақ тілдің мәселесін айтып, оны әлеуметтік желіде белсенді қозғап жүрген азаматтарды білемін. Алайда, балаларын орыс мектебіне беріп, өздеріде іс-шараларда орысша сайрайды. Яғни, сөзі мен ісі бөлек азаматтар, - деді Салтанат Тұсынбекова.
Еске сала кетейік, кеше Салтанат Тұрсынбекова штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өткен еді.
Штаб жұмысын 5 күн бұрын кеттік. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. 20 өңірде штабымыз құрылды. Ешқандай кедергі жоқ. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыстардың бәрін жоспарлап, ретімен өткізетін болады, — деді президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.