TikTok #ТикТоктаҮйренҚазақстан челленджін бастады

29 Мамыр 2022, 09:10
1705
Бөлісу:
TikTok #ТикТоктаҮйренҚазақстан челленджін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші TikTok платформасы пайдаланушыларға бос уақытын өткізуге және көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар күн сайын жаңа дүниелерді ашуға, қоршаған әлемді зерттеуге және өз білімімен және дарынымен бөлісуге мүмкіндік береді. 

Платформа Қазақстанда #ТикТоктаҮйренҚазақстан челленджін бастап, дарынды контент авторларын креативті танымдық бейнероликтер жасауға шақырады. Науқан Білім және ғылым министрлігінің, Nazarbaev University-дің қолдауымен, сондай-ақ TikTok-та танымал контент авторларының қатысуымен өтіп жатыр.   

Күн сайын миллиондаған адам TikTok-та әртүрлі тақырыпта шабыттандыратын бейнероликтер дайындайды. Пайдаланушылар платформаға тек ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен бірге дүниетанымын кеңейтіп, жаңа идеялардан шабыт алу үшін кіреді. Танымдық дүние жасайтын авторлар көбейіп, олардың танымалдығы күн сайын артып келеді. TikTok қолданушыларына бәрі қызық: рецептер, бьюти-туториалдар, спорт жаттығуларынан бастап ағылшын тілін үйрену, математикалық есептер мен ғылыми эксперименттерге дейін.

TikTok пайдаланушыларды өз шеберліктерін қызықты, қысқа бейне форматта бөлісуге шақырып, #ТикТоктаҮйренҚазақстан челленджін бастады. Бұл хэштегті танымал қазақстандық авторлар мен сарапшылар қолдады. Олар қысқа бейнероликтер, сондай-ақ TikTok Live тікелей эфирлері форматында әртүрлі тақырыптарда танымдық айдар жасайды:

• 27 мамырда сағат 18:00-де @wowstokton баскетболға қызығушылық танытқандармен сөйлеседі: допты қоржынға салудың оңай тәсілімен, кеңестерімен және құпияларымен бөліседі;

• 28 мамырда сағат 21:00-де күтім косметикасы туралы роликтердің авторы @skin_delicious_kz көрермендерге теріге қалай дұрыс күтім жасаудың құпиялары және оны неден бастау керегі жайында кеңестерін айтып, жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.

Жоба шеберінде жарияланған қысқа танымдық роликтерді ҚР Білім және ғылым министрілігінің және қазақстандық университеттердің аккаунттарынан көруге болады: Kozybayev University, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Zhetysu University, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Atyrau University, Zhubanov University, Satbayev University және басқа да көптеген парақшада.

Кез келген автор #ТикТоктаҮйренҚазақстан челленджіне қосыла алады және платформаның миллиондаған оқырманының сүйіспеншілігіне ие бола алады. Ол үшін шығармашылық форматта танымдық бейнероликті жазып, оны көрсетілген хэштег бойынша жариялау қажет. 

Қазақстанда тек ойын-сауық түрінде ғана емес, сонымен қатар танымдық форматта да қызықты роликтер жасайтын дарынды авторлар өте көп. Олардың тәжірибесі пайдалы контенттің креативті, тартымды және танымал бола алатынын дәлелдей алды. Осындай форматқа аудиторияның ерекше қызығушылық танытып келе жатқанын көріп отырмыз және edutainment-авторларға #ТикТоктаҮйренҚазақстан бастамасының көмегімен өз әлеуетін ашуға қуана көмектесеміз, – деп түсіндірді TikTok-тың жетекші операциялық менеджері Надежда Лапина.

ТikTok-тың танымалдығы күн сайын артып келе жатыр, сондай-ақ азаматтар жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстар көмегімен өздерін дамытуды да қолға алды. Осыны ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі #ТикТоктаҮйренҚазақстан жобасын қолдау туралы шешім қабылдады. Бұл жоба желі пайдаланушыларының ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім мен дағдыларды игеруіне бағыт береді. Сондай-ақ кез келген адам оқуға және өзін дамытуға арналған жаңа идеяларын қысқа да, қызықты форматта ұсына алады. Авторлардың жариялаған ақпараты мазмұнды және пайдалы болуы керек. Осыдан біраз уақыт бұрын министрліктің TikTok-та жеке парақшасы ашылған болатын. Бұл @bilim_gylym парақшасында танымдық бейнероликтерді жариялап, пайдалы ақпаратпен бөлісуді жалғастырып келеміз. Аз ғана уақыт ішінде министрліктің парақшасына 10 мыңға жуық оқырман тіркеліп үлгерді. Алдағы уақытта да қызықты контент дайындауды жалғастыра береміз», - деді Білім және ғылым министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы