Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. TikTok әлеуметтік желісінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі аккаунт пайда болды. Ол фейк.
Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Логині mod.gov.kz деп аталатын TikTok пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген. Олардың бір бөлігі – ҚР Қарулы Күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтардан үзінділер.
Шын мәнінде бұл аккаунттың ҚР Қорғаныс министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы ведомстводан хабарлады.
– https://vm.tiktok.com/ZSeTLqDLB / сілтемесі бойынша ашылатын TikTok аккаунты фейк болып табылады. Оның ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok ведомствоның аккаунттары бар әлеуметтік желілер тізімінде көрсетілмеген.