Қазақстанның соңғы жаңалықтары

TikTok-қа жеке деректерді Қытайға заңсыз берген деген айып тағылды

4 Мамыр 2025, 02:26
788
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ирландияда ТикТок-қа 530 миллион еуро айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі еуропалық пайдаланушылардың деректерін Қытайға заңсыз беріп отырған деп айыпталып отыр. Қосымшаға иелік ететін "БайтДэнс" компаниясы мұнымен келіспейді. Оның өкілдері мәліметтер расымен Қытайдағы серверлерде сақталғанын айтады. Бірақ жергілікті биліктен еуропалық пайдаланушылардың деректерін беру туралы ұсыныс түспеген дейді. Сондықтан бұл шешімге қатысты шағым түсіретінін ескертеді.

Айта кеткен жөн, ТикТоктың Еуроодақтағы бас пәтері Ирландияда орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы