TikTok 2025 жылы Қазақстанда 5,5 миллионнан астам бейнероликті бұғаттады

Сондай-ақ қазақ тілінде жаңа Сенім және қауіпсіздік орталығын іске қосты.

 depositphotos.com Кеше 2026, 22:25
Кеше 2026, 22:25
107
Фото: depositphotos.com

TikTok платформасы 2026 жылы Қазақстандағы қауымдастықтың қауіпсіздігіне басымдық беруді жалғастыруда. Осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде TikTok қазақ тілінде жаңа Сенім және қауіпсіздік орталығын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл орталық Қауымдастық ережелерін, Ашықтық орталығын және пайдалы ақпараттық ресурстарды бір құрылымға біріктіреді. Мұндай тәсіл пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез әрі ыңғайлы табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ компанияның сенім мен қауіпсіздікке деген ұстанымын айқын көрсетеді.

Қазақстанда қанша контент жойылды?

2025 жылдың қорытындысы бойынша TikTok Қазақстанда:

Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 5,5 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

Бейнеконтенттің 99,9 пайызы алдын ала, яғни оған пайдаланушылар тарапынан шағым түспей тұрып жойылды, бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (2004 жылы ол 95 пайыз болған).

Роликтердің 98,5 пайызы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды, бұл да рекордтық деңгей.

Әлем бойынша қанша контент жойылды? 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемде:

Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 780 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

99,1 пайыз бейнеконтент пайдаланушылардың шағымына дейін жойылды

94,2 пайыз бейнеконтент жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды

Жас пайдаланушылардың қауіпсіздігі. TikTok платформасы тек 13 жастан асқан пайдаланушыларға арналған және осы талаптың сақталуын қамтамасыз ету үшін модерация тобы жасына сәйкес келмейтін аккаунттарды анықтау және жою жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, 2025 жылы әлем бойынша 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі шамамен 93,5 миллион аккаунт жойылды.

Тікелей эфирлердің қауіпсіздігі. 2025 жылы TikTok LIVE форматындағы тікелей эфирлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Платформада тоқтатылған тікелей эфирлер саны айтарлықтай артты, сондай-ақ авторларға қатысты қолданылған шаралар, оның ішінде монетизацияны шектеу және ескертулер беру көбейді.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін әлем бойынша шамамен 131 миллион тікелей эфир бұғатталды. Сонымен қатар, 2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап платформа тікелей эфирлердегі Монетизация ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған шаралар туралы деректерді жариялай бастады. Алдымен авторларға ескертулер жіберіледі, бұл олардың контенті ережелерге сәйкес келмеуі мүмкін екенін түсінуге және оны түзетуге мүмкіндік береді. Егер бұзушылықтар қайталанса, TikTok авторлардың тікелей эфирлердегі монетизация мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін. Мәселен, 2025 жылдың алғашқы үш тоқсаны ішінде TikTok ескерту мен монетизацияны шектеу шараларын қоса алғанда, әлем бойынша шамамен 24 миллион тікелей эфир мен 12,5 миллион авторға қатысты тиісті шаралар қолданған.

Наверх