ТХКМ бойынша Каспий арқылы жүк автомобильдерін тасымалдау қайта басталды

«Құлсары-Ақтау» автожолы бойынша қозғалыс қайта басталғаннан кейін 10 күн ішінде «Құрық порты» паром кешені арқылы ТХКМ бойынша 840 жүк автокөлігін тасымалдау қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Сәуір 2024 2024, 19:58
АВТОР
 Көлік министрлігі 25 Сәуір 2024 2024, 19:58
25 Сәуір 2024 2024, 19:58
706
Фото: Көлік министрлігі

«Құлсары-Ақтау» автожолы бойынша қозғалыс қайта басталғаннан кейін 10 күн ішінде «Құрық порты» паром кешені арқылы ТХКМ бойынша 840 жүк автокөлігін тасымалдау қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетерлігі, су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстанның батыс өңірлерінде халықаралық автомобиль жолдарында қозғалысты уақытша шектеу енгізілген болатын.

Биыл 14 сәуірде су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты шектеу алынып тасталып, нәтижесінде Құрық портына қарай жүк автокөліктерінің үлкен ағыны байқалды.

Алайда, порт пен Әзербайжанның ASCO кеме қатынасы компаниясының үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында портта ұйымдастыру шаралары уақтылы қабылданып, кептеліс пен тоқтап қалуға жол берілмеді.

25 сәуір сағат 7.00-дегі жағдай бойынша Құрық портында Алят (Баку) портына жөнелтуді күтіп тұрған 78 жүк көлігі бар.

Наверх