Терроризмді насихаттаған 4 қазақстандық ұсталды

18 Ақпан 2025, 10:38
431
Бөлісу:
Терроризмді насихаттаған 4 қазақстандық ұсталды
VIDEO
Фото: ҰҚК

Кеше ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы