Терроризм жайлы жалған ақпарат таратқандардың үстінен 72 қылмыстық іс қозғалған

13 Маусым 2022, 11:52
1684
Бөлісу:
Терроризм жайлы жалған ақпарат таратқандардың үстінен 72  қылмыстық іс қозғалған
Фото: egemen.kz

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Биылғы 5 айда электрондық хабарламалар жолдау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Интернет арқылы жолданған жасырын жалған хабарлардың түсуі осы санаттағы қылмыстардың өсуіне әкелді. Өткен жылы терроризм актісі туралы 73 көпе-көрнеу жалған хабар тіркелсе, биылғы 5 айда ғана қылмыстық істердің саны 72-ге жетті, - деді Спартак Қабденов. 

Ол атағандай, қылмыстарды ашу көбірек уақыт қажет етеді, алайда мұндай қылмыстар да жазасыз қалмайды. 

Мысалы, осы жылы наурызда Көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы  әртүрлі 36 объектінің электрондық пошталарына жалған хабар жолдаған Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді ол. 

Наурыз айында көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әр­түрлі 36 объектінің электронды пошталарына жалған хабар жолдаған қостанайлық тұр­ғын­ды ұстады. 

Қа­зір­гі уа­қыт­та қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ Атырау облысында да бір оқу­шы сабақтың шыр­қын бұзу үшін мектептің электронды пош­та­сына хабарлама жолдаған. Жалпы, межелі мерзімде тергеу аяқталып, 12 қылмыстық іс сотқа жолдан­ды. 5 адамға қатысты сот үкімі шықты, екі адам бас бос­­тан­ды­ғынан айыруға, екі адам­ның бостандығына шектеу қоюға, бір адамды шартты мерзімге соттау жөнінде шешім шықты, -деді ІІМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы