Тері мен жүннің экспорт мәселесі қалай шешілмек

24 Маусым 2024, 14:09
353
Бөлісу:
Тері мен жүннің экспорт мәселесі қалай шешілмек
Фото: Парламент Мәжілісінің Телеграм каналы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тері мен жүннің экспорт мәселесі қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2016 жылы 500 еуро баж салығын енгізген болатынбыз. Содан кейін экспорт тоқтай бастады. 2022 жылы ол 200 еуроға түсті. Экспорт 175 мың-ға жетті. Ал енді 2023 жылы баж салығын 200 еуродан 100 еуроға түсірген едік, экспорт екі есеге, яғни 350 мыңға көбейді, - деді министр.

Айдарбек Сапаров Сауда министрлігімен бірлесе осы мәселені шешетінін айтып, баж салығын төмендету дұрыс деп есептейтінін жеткізді.

Зауыттар салып, қуатын күшейтпейінше, бізге экспортқа жібере беруге болады. Ал зауыттар салынып, қуат күшейсе ғана квота немесе баж салығы қайта қалпына келеді деп ойлаймын. Биыл Ақтөбеде салынып жатқан зауытты айтатын болсақ, зауыт жүнді әр жерден жинай алмайды. Жақын маңайдан жинай алатын шығар, бірақ алыс маңайлардан емес. Бұл мәселені де қарастырып жатырмыз, - деп түсіндірді министр.

Сөзінше, бұл министрліктің кешенді жоспарында қаралатын мәселе.

Өзгелердің жаңалығы