Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2 548 қылмыстық іс бар.Бұрын айтылғандай лаңкестік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша барлық қылмыстық істерді арнайы прокурорлар тергейді, - деді Әділов.
Ол атағандай, қылмыс жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау абақтысына 887 адам ұсталып, оның 789-ы қамауға алынды.
Олардың 205-і бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 8-і іздеуде жүрген адамдар.Олардың кінәсі алынған заттай дәлелдемелермен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен, куәлардың айғақтарымен және басқалармен дәлелденетінін атап өтемін.Мысалы, Семей қаласында әкімшілікті және әскерилерге тиесілі «ТИГР» арнайы көлік құралын басып алуға қатысушылардың бірі ұсталды, - деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, күдіктінің кінәсі оның ұялы телефонынан табылған бейнежазбамен дәлелденеді.
Ол уақытша ұстау абақтысына жабылыып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу органдарымен тек ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар ғана ұсталатынын қайталап атап өтемін. Ауырлығы азы бойынша-қамауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылады. Сондай-ақ, заңдылықтың қамтамасыз етілуін тұрақты қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады, - деді ол.