Тергеу изоляторына поштамен келген телефон тәркіленді

3 Тамыз 2022, 21:43
1268
Бөлісу:
Тергеу изоляторына поштамен келген телефон тәркіленді

Тыйым салынған затты поштамен жіберген 33 жастағы күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды өткізудің екі фактісі анықталды. Бұл жолы сотталғанға Қазпочта арқылы келген электр шәйнегінің түбіне жасырылған ұялы телефон табылды. 

Қазір тыйым салынған затты поштамен жіберген 33 жастағы күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар сотталғанға жіберілген есірткі ұнтағы ЛА-155/18 мекемесінің жедел бөлімінің ақпараты бойынша тәркіленді. Тергеу изоляторының сәлемдемелерді қабылдау-тарату бөлмесінде қолға түскен адам “сәлемдемесін” аяқ киімнің ұлтанына жасырыпты. 

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб ауданы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, заңсыз әрекет ПД-нің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы