Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жағдай бақылауда, елді мекендер мен жақын маңдағы тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деді оьлыстық ТЖД.
Аймақ тұрғындары мен қонақтарына келесідей кеңестер берілді:
• терезе мен есіктерді жабу;
• мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу;
• маска немесе дәке таңғыш қолдану;
• өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерге жүгіну.
Еске сала кетейік, полигонда өрт 15 қыркүйек күні таңертең тұтанған. Қатты түтінге байланысты түнде трассадағы көлік қозғалысы шектелді. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар 70 өртке қарсы жеңнен тұратын магистральды желі төседі.
Бұған дейін Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отырғаны жайлы жаздық.