Терапевт миға қауіпті өнімдерді атады

8 Қаңтар 2024, 01:42
258
Бөлісу:
Терапевт миға қауіпті өнімдерді атады
Фото: baq.kz

Дәрігер-терапевт, диетолог Елена Тихомирова алкогольді шамадан тыс тұтыну ми мен когнитивті функцияларға аса қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Газете.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Алкоголь нейрондарды өлтіреді. Алкогольді тым көп ішетін адамның когнитивті қызметі төмендейді. Сондықтан артық мөлшердегі алкоголь мидың жұмысына өте зиян, - деді дәрігер.

Сарапшының айтуынша, өңделген өсімдік майлары, гидрленген майлар да қауіпті, мысалы - маргарин.

Адам гидрленген майдың көп мөлшерін тұтынса, ол ағзада өңделмей, жасушаларға, соның ішінде ми жасушаларына түседі. Өз кезегінде бұл ми жұмысының мерзімінен бұрын бұзылып, бұл когнитивті қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады, - деп түсіндірді диетолог.

Сонымен қатар, дәрігер фастфуд пен қанттың теріс әсері туралы да айтып, фастфудта май, көмірсу және тағамдық қоспалардың көп мөлшері бар екенін ескертті.

Ал егер фастфудты құрамында қанты көп сусын ішіп отырып жесеңіз, бұл семіздіктің дамуына ықпал етеді, ал семіздік ми белсенділігінің төмендеуіне әкеледі, - деді маман.

Сондай-ақ Тихомирова кейде көмірсу өнімдерінен мүлде бас тартуды ұсынды, ол ми жұмысына оң әсер етеді.

Егер адам бір уақытта жылдам және баяу сіңетін көмірсудың көп мөлшерін жесе, яғни торт пен қуырылған картопты бірінен соң бірін жеу көмірсудың қанға көп мөлшерде еніп, қандағы қант деңгейі күрт жоғарылап, адам ұйқышыл болады. Себебі көмірсудың көп мөлшері өмірлік белсенділік орталығын жауып, адамды жалқау қылады. Бұл жағдай ми жасушасының жұмысын бұзбағанымен, оның белсенділігін төмендетеді, - деп қорытындылады терапевт.

Өзгелердің жаңалығы