Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы теракт жасайтынын айтып, жұртты дүрліктірген. Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекенжайға барып, саперлердің көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды. Ол көппәтерлі үйлердің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.