Теннистен Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Триестте өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.&nbsp;</h4>

 31 Шілде 2021 2021, 10:44
31 Шілде 2021 2021, 10:44
2550

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Триестте өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. 

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Отандасымыз үшінші айналымда италиялық Флавил Коболлимен бақ сынасқан болатын. Нәтижесінде 2 сағат 49 минутқа созылған ойында Тимофей Скатов 6:7, 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол жартылай финалда аргентиналық Мартин Этчеверримен кездеседі.

Наверх