Теннистен Австриядағы WTA турнирі кейінге шегерілді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-18 қазан күндері Австрияның Линц қаласында өтуі тиіс теннистен WTA турнирі коронавирусқа байланысты кейінге қалды.&nbsp;</h4>

 9 Қазан 2020 2020, 22:37
9 Қазан 2020 2020, 22:37
1212

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-18 қазан күндері Австрияның Линц қаласында өтуі тиіс теннистен WTA турнирі коронавирусқа байланысты кейінге қалды. 

Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлайды. Аталған турнир 7-15 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.  
Жақсы дүниелер үшін уақыт керек екенін бәріміз де білеміз. Турнир директоры Линцтегі турнирдің өтуіне бар күшін салды. Қуанышқа қарай, соңғы кездесуде әлемдік ұйым рұқсат беріп, жарыс қараша айында өтетін болды, - дейді ұйымдастырушылар.  

Айта кетелік, турнирдің қазіргі чемпионы  - америкалық Кори Гауфф.


Наверх