Қазақстанның үздік теннисшісі маусымның алғашқы екі айында 1 010 313 доллар (501 млн теңге) сыйақы жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Спорт Шредингера" телеграм каналының мәліметінше, 2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 мәрте жеңіске жетіп, 5 рет жеңілді. Абу-Дабиде өз атағын қорғаған турнирде, жартылай финалға дейін жетіп, Мирра Андрееваға жол берді.
2025 жылғы ең көп сыйақы алған 6 теннисші:
- Мэдисон Киз (№5) – 2 379 924 доллар
- Ига Швентек (№2) – 1 560 061 доллар
- Арина Соболенко (№1) – 1 456 805 доллар
- Кори Гауфф (№3) – 1 373 731 доллар
- Мирра Андреева (№11) – 1 098 920 доллар
- Елена Рыбакина (№7) – 1 010 313 доллар
Елена Рыбакина мансабында жалпы 16 745 303 доллар сыйақы тапқан.