Қазақстандық теннисшілер АТР жарыстарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 турнирінің ширек финалында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында аргентиналық Максимо Гонсалес пен Андреас Мольтенименге қарсы ойнады.
Тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түсті.
Өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.