Теннисші Недовесов Анталия турнирінің жартылай финалына шықты

30 Қаңтар 2021, 11:14
880
Бөлісу:
Теннисші Недовесов Анталия турнирінің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомеспен шеберлік байқасты. 

Осы жарыстың 2-ракеткасы Недовесов – Молчанов жұбы қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Александр Недовесов пен Денис Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін филиппиндік Трет Хьюи – нидерландылық Сэм Вербик жұбымен таласады.


Өзгелердің жаңалығы