"Даллас Маверикс" командасының жұлдызы Лука Дончич ресейлік теннисші Мария Шараповаға тиесілі болған үйді сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Газета.ru»-ға сілтеме жасап.
The Sporting Tribune дерегінше, мәміле құны 25 миллион долларды құраған.
Жылжымайтын мүлік Калифорния штатындағы Манхэттен-Бич ауданында орналасқан. Заманауи үлгіде салынған, 8,6 мың шаршы футтан асатын зәулім үйде бес жатын бөлме бар.
Айта кетейік, Мария Шарапова 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған. Ол кәсіби жолында жеке разрядта 36 титул жеңіп алып, мансаптық "Шлемге" қол жеткізген — яғни төрт бірдей "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанған. 2025 жылдың жазында спортшы АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өткен салтанатты шарада Халықаралық теннис даңқ залына енгізілді. Құрметті марапатты оған аңызға айналған Серена Уильямс табыстады.