Теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстан теннис федерациясы 24 Қаңтар 2026, 23:50
24 Қаңтар 2026, 23:50
925
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Ә.Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге төрт матч өткізді.

Қазақстандық-америкалық дуэт жартылай финалда ұлыбританиялықтар Джо Литер – Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Соңғы бәсекеде аустралиялық Тай Хост – ресейлік Егор Плешивцевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партия 7:5 есебімен аустралиялық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды.

Екіншісінде Омарханов – Янг есе қайырды – 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Әмір Омарханов жекелей сында екінші айналымда тартысты матчта болгариялық, 17 жастағы Иван Ивановқа жол берді – 5:7, 7:6 (7:3), 3:6.

Наверх