Үстел теннисінен 27-ші Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы үздік сегіздік қатарына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алаңға бірінші болып команда капитаны Кирилл Герасименко шықты, Ол тартысты жарыста Аззам Әлімді 3:2 есебімен жеңді.
Содан кейін Аслан Құрманғалиев 0:2 ұтылып жатып, камбэк жасады, нәтижесінже Олимпиада қатысушысын 3:2 есебімен жеңді.
Матчқа Наиф Әл-Джедиді 3-0 есебімен жеңген Айдос Кенжеғұлов нүкте қойды.
Айта кетейік, енді ертең, 9 қазанда сағат 14:00-де Қазақстан құрамасы Үндістан құрамасымен жартылай финалға шығу үшін сынға түседі. Бәсеке "Beeline Arena" Ұлттық теннис орталығында (Тұран даңғылы 4/2, орталық саябақтың кіреберісі) өтеді.