Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теннис: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді

8 Қараша 2025, 23:50
366
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді.

Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Өзгелердің жаңалығы