Теннис: Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирде бағын сынайды

Кеше, 23:55
133
Бөлісу:
Теннис: Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирде бағын сынайды
Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайда ATP 1000 сериясы аясындағы турнирдің негізгі бөлігінде бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Іріктеу раундының финалында қазақстандық теннисші британдық Билли Харристі (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен ұтты. Жұқаевтың негізгі бөліктегі бірінші айналымындағы қарсыласы кім болатыны кейінірек анықталады.

Шанхайда өтетін «Мастерс» Бейбіт үшін маңызды турнир. Былтыр да ол турнирдің негізгі жарысына өтіп, үш сетте де чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі бөлігіне шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы