Теннис: Әмір Омарханов – Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы

9 Қазан 2023, 22:38
585
Бөлісу:
Теннис: Әмір Омарханов – Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы
Фото: ktf.kz

Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors) тамаша өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды - 6:7, 7:6, 6:3.

Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.

Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата ұтты - 6:1, 6:0.

Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті - 6:2, 6:2.

Өзгелердің жаңалығы